Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі

МИССИЯСЫ

ARQA сыртқы серіктес ретінде Қазақстан Республикасының оқу орындарының аккредиттеуді жүргізу арқылы сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамытуға талпыныстарын қолдайды. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ARQA білім беру ортасындағы сапа мәдениетін арттыруға ықпал етеді және қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімді нығайтуға жағдай жасайды. ARQA өз қызметімен Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, сапаны қамтамасыз етудің үздік халықаралық тәжірибесін қолдайды және енгізеді.


Стратегиялық жоспар

ARQA-ның 2017-2023 жж. арналған стратегиялық даму жоспары ARQA миссиясын, көзқарасын, құндылықтары мен мақсаттарын ескере отырып және оларға қол жеткізу әдістерін айқындай отырып, білім беру саласындағы агенттік пен сыртқы стейкхолдерлерді дамытудың негізгі бағыттарын көздейді.

Стратегиялық жоспарды ARQA басшылығы әзірлеген және Аккредиттеу кеңесі мақұлдаған.

ARQA-ның 2017-2023 жж. арналған Стратегиялық даму жоспарының толық мәтінімен мына жерде  танысуға болады.


2017-2023 жж. арналған ARQA мақсаттары

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің  білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкестік деңгейін сапалы аккредитациялық қызмет құралдарымен арттыру.

2. Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі озық жетекші агенттіктердің бірі болу.

3. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық ассоциацияның (ENQA) толыққанды мүшесі болу және Сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің еуропалық тізіліміне (EQAR) кіру.

4. Оқыту арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы жоғары кәсіби сарапшылардың санын арттыру.