Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі

ТАНУ

Ұлттық тану

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық және шетелдік аккредиттеу органын тану заңды тұлғаның білім беру ұйымдарына институционалдық аккредиттеу және (немесе) білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу өкілеттіктерін ресми тану тәртібін білдіреді.

Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) - институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган таныған білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болып табылатын аккредиттеу органдарының тізбесі.

Аккредиттеу органын 1 Тізілімде тану бес жылда бір рет расталады.

ARQA агенттігі Республикалық аккредиттеу кеңесінің шешімімен бес жыл мерзімге танылған аккредиттеу органдарының 1 тізіліміне енгізілген. Республикалық аккредиттеу кеңесінің шешімі негізінде Аккредиттеу органын тану және бес жыл мерзіммен 1 Тізілімге қосу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 482 бұйрығы шығарылды.

Халықаралық тану

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісі — The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, — 1991 жылы құрылған және бүгінгі күні 270-тен астам мүшені қамтиды. INQAAHE желісі әлемдегі жоғары білім сапасын бағалау саласындағы теория мен практика мәселелерімен айналысатын бірінші, ең ауқымды және мойындалған ұйым болып табылады.

INQAAHE мыналарды жүзеге асырады
  1. ақпарат және тәжірибе алмасуда сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктерге жәрдемдесу;
  2. мамандықтың теориялық және практикалық негіздерін дамыту;
  3. сапаны қамтамасыз етуде кәсіби практика стандарттарын әзірлеу және дамыту;
  4. ЖОО, студенттер мен қоғамның мүддесінде кәсіби дамыту мен әлеуетті арттыруды қоса алғанда, INQAAHE-ға мүше агенттіктердің қызметін үнемі жақсартуға көмек көрсету және көтермелеу.

INQAAHE-де мүшеліктің үш түрі қарастырылған: толық құқықты, қауымдастырылған және үлестес. ЖОО немесе білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға жауапты ұйымдар (аккредиттеу агенттіктері; бағалау жүргізетін агенттіктер және ұқсас ұйымдар; аккредиттеу агенттіктерінің қызметін танумен айналысатын органдар) толыққанды мүше болып табылады.

«ARQA»  білім беру сапасын аккредиттеу және  сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі 2017 ж. 24 мамырында INQAAHE-ның толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. INQAAHE веб-сайтында «ARQA» агенттігі көрсетілген желі мүшелерінің толық тізімі бар.

Мүшеліктің артықшылықтары
  1. үздік практикалардың деректер қорына қол жеткізу;
  2. сұрауларға жылдам жауап беру қызметіне кіру;
  3. консультанттардың деректер қорында консультанттарды іздеуге қол жеткізу;
  4. INQAAHE Үздік практика басшылығына сәйкес шолуға өтініш беру мүмкіндігі.